Алдымен, футболшының шашының бұрымдары көмірге айналдырылып, алмаздар жоғары температура мен қысымның көмегімен өндірілді. Тастардың ұзын-саны 1283 дананы құрады, атақты футбол королі өз ғұмырында жасыл алаңда осынша гол соққан екен .
Бағалы тастардың әрқайсысы шамамен $ 7,500 доллар тұрады. Олар Пеленің гол соғып жатқандағы алтын жалатылған бейнесі бар қорабшаға салынып сатылады.