ОРАЛ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Атақты татар композиторы Назиб Жигановтың (1911-1988) туғанына 100 жыл толып отыр.
Орал қаласында туып-өскен Н.Жиганов татар опера және симфониялық музыкасының негізін салушыға айналды. Ол көптеген мәртебелі атақтарды иеленді. Татарстан композиторлар одағын басқарып, Қазан консерваториясының ректоры да болған Н.Жиганов КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, Ресей мен Татарстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, үш мәрте КСРО Мемлекеттік сыйлығының, сондай-ақ Ғ.Тоқай атындағы Татарстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Композитордың 100 жылдығы Татарстан мен Орал қаласында кеңінен аталып өтілуде. Сондай шараның бірі «Шығыстың ұлы композиторы» деген атпен облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткізілді. Онда соғыс және еңбек ардагері Бисен Жұмағалиев, өлкетанушы Жайсаң Ақбай өз естеліктерімен бөлісті.
Мерейтойлық шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылмақ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).