«Президент сайлауының нәтижесі қандай болса да, оны мойындау керек. Бастысы - біз дауыстарды әділ түрде есептеуге кепілдік береміз. Адамдар өз дауыстарын сатып жатса, басқа әңгіме. Бұл өте қиын. Кейбір азаматтарымыз өз жауапкершіліктерін толық түсінбейді», - деді Атамбаев.
Мемлекет басшысы билікті бейбіт жолмен беруге кепілдік беретіндігін мәлімдеді. «Ал жағдайды ушықтырғысы келетіндермен басқаша сөйлесетін боламыз», - деп атап өтті президент.
Айта кетейік, Атамбаевтың Қырғызстан президенті ретіндегі өкілеттілігі 2017 жылғы 1 желтоқсанда аяқталады. Қырғызстан Республикасының жаңа президентінің сайлауы 15 қазан күні өтеді.