Кездесу әуе апатынан көз жұмғандарды бір минут үнсіздікте еске алумен басталды, Президент қайғылы апат құрбандарының туыстарына көңіл айтты.
«Бұл барлық қырғызстандықтар үшін орны толмас қаза - бүтін отбасы, кішкентай балалар бақилық болды. Адамдардың ажал құшуы - үлкен қайғы. Бұл апат біздің жүрегімізге ауыр тиді. Тағы да қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Бекем болыңыздар. Сіздер жалғыз емессіздер. Әрбір қырғызстандық болған жайтты ауыр қабылдады және қатты қайғырды», - деді А.Атамбаев.
Ол зардап шеккендерге мемлекет барлық қажетті шараны жасайтынын атап өтті. «Зардап шеккендері баспанамен қамтамасыз ету - басты міндеттердің бірі. Аталған мәселе апаттың алғашқы сәттерінен-ақ менің жеке қадағалауымда», - деп атап өтті президент.
Сонымен бірге, өзге де мәселелер көтерілді.
Өз кезегінде, қаза тапқандардың туыстары ел президентіне, үкіметке және барша Қырғызстан халқына көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді.
Президент кездесу соңында марқұмдарға бағыштап дұға оқыды.