Атамбаев елде төңкеріс жасамақ болды – Қырғызстан МҰҚК басшысы

Фото: None
БІШКЕК. ҚазАқпарат-Кабар – Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев төңкеріс жасамақшы болған. Бұл туралы Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Орозбек Опумбаев баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Ол Алмазбек Атамбаевтыңадамдарға 1-3 мың сом аралығында ақша төлеп, үйінің алдына әдейі жинағанын атапөтті.

Қырғыз Республикасының МҰҚК басшысы операцияға «Альфа» арнайы жасақтыңжіберілгенін түсіндірді.

Оның айтуынша,ереже бойынша «Альфа» антитеррористік әрекеттерде тартылады. Бірақ, олқосымшаға сәйкес, кейбір жағдайда арнайы жасақтың жұмылдырылатынын атап өтті. МҰҚК басшысы«Альфа» арнайы жасағының есірткі тасушылар мен ұйымдасқан қылмыстық топты ұстаукезіндегі операциясын мысал ретінде келтірді.

«Арнайы жасақ жеделуәкілдерді зорлық әрекеттерден қорғауы керек еді. Сондықтан, олардың саны азболды. Мәжбүрлеп алып келудің бес нұсқасы қарастырылды. Орын алған жағдай – бірнұсқа еді және ол ең тиімдісі болатын. Себебі, кез келген әрекет – арнайы жасақ,ІІМ және МҰҚК жұмысы туралы ақпарат Атамбаевтыңштабына жасырын жеткізілді. Сегізбаевтың (Абдиль Сегізбаев, бұрынғы МҰҚКбасшысы) және Исраиловтың (Улан Исраилов, бұрынғы ішкі істер министрі) органдағыбұрынғы және қазіргі адамдар осы үшін ақша алып отырды. Барлығын штабқажеткізіп отырды, сондықтан кенеттен шабуылдау туралы шешім қабылданды. Атамбаев500 адам жинады. Олар балалар, әйелдер және қариялар еді. Оған билікті айыптауүшін қан төгу керек болды, ол мемлекеттік төңкеріс жасайтын еді», - деді ол.

Опумбаев атапөткендей, Атамбаев есіктері мен терезелеріне темір қоршау орнатып, үйінқорғауға толықтай дайындалған.

«Атамбаевтың үйіненДрагунов снайперлік винтовкасы, әрқайсысының ішінде 480 патроны бар 2 темір жәшіктабылған. Бұдан бөлек, 4-5 винтовка, тапанша мен тағы басқа қару-жарақтар болды», - деді ол.

7 тамыз күні кешкеҚой-Ташта елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың үйінде А.Батукаевтыңісі бойынша тергеу органдарына күштеп әкелу кезінде қауіпсіздік күштеріөкілдері мен бұрынғы президентті қолдаушылар арасында қақтығыс болды.

Соның салдарынан«Альфа» МҰҚК арнайы бөлімшесі басшысының орынбасары Үсен Ниязбеков көз жұмып,40-тан астам адам жараланды.

8 тамыз күні құқыққоргау органдары Атамбаевты Қой-Таш ауылындағы үйінде қолға түсіріп, 26 тамызғадейін ҰҚК Тергеу изоляторына жіберілді.

Қой-Ташта орыналған жағдайға, арнай жасақ қызметкерінің көз жұмуына және құқық қорғауоргандары қызметкерлерінің жарақаттануына байланысты сотқа дейінгі іс жүргізубасталды.

Соңғы жаңалықтар