Атамбаевтың Қой-Таш ауылындағы үйінде атыс болды

Фото: None
БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат – Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтің Қой-Таш ауылындағы үйінде атыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Кабарагенттігіне Шу облысы ІІББ баспасөз қызметінің өкілі мәлім еткендей, елдіңбұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың үйінен милицияға қоңырау шалынған.

«Оқиғаорнына Шу облысы ІІББ жедел тергеу тобы аттанды. Қосымша ақпарат кейінберілетін болады», - деді ІІББ өкілі.

Сондай-ақ,әлеуметтік желіде Атамбаевтың үйінің маңайынан түсірілген видео тарап кетті.Видеода қарулы адамдар бастаған атыстың қадрлары көрсетілген.

Ескесалайық, бұған дейін Жогорку Кенеш елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаевтантиіспеушілік мәртебесін алып тастау туралы шешім қабылдаған еді.

Айта кетукерек, бұған дейін Атамбаевқа қатысты депутаттар тарапынан тағылған айыптардызерттеу бойынша арнайы депутаттық комиссия құрылған болатын. Комиссия жұмысының нәтижесіндеэкс-президентке 6 бөлім бойынша айып тағу туралы шешім қабылданды.

Алайда Баспрокуратура комиссияның жұмысын заң тұрғысынан бағалай келе, тек бес бөлімдіқалдырды.

Осылайша,Атамбаев Қой-Ташауылынан жер телімін заңсыз сатып алып, үй салу, қылмыс әлеміне танымал АзизБатукаевты қамаудан босатуға заңсыз бұйрық шығару, «Форум» ғимаратын СубихиПархатиге жалған сату, Бішкек қаласының Жылу электр орталығын қайта құру жәнеол үшін көмір сатып алу кезіндегі жемқорлық әрекеттер бойынша күдікке ілініпотыр.

Атамбаевосымен үшінші рет ІІМ-ге ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі А.Батукаевтыбосату ісі бойынша жауап алуға шақыртылған. Алайда ол бармаған.

Соңғы жаңалықтар