АЛМАТЫ. 27 тамыз. ҚазАқпарат - «Атамекен» Қазақстан Картасы" этно-мемориалдық кешені Ата Заң күніне орай тамыз айы бойы елімізге белгілі тұлғалармен кездесулер ұйымдастыруды қолға алып отыр. Кездесулердің басты мақсаты - жастарды отаншылдыққа тәрбиелеп, ел тарихына деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады, деп хабарлады аталған кешеннің баспасөз қызметінен.
Мәселен, ертең филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, алаштанушы, жазушы Тұрсын Жұртбаймен кездесу өтеді. Жазушы кездесу барысында ел тарихына қатысты зерттеулері мен шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөліспек.
«Атамекен» этно-мемориалдық кешеніндегі бұл кездесулер елімізге белгілі қайраткерлермен толыға түсіп, алдағы уақытта кешеннің дәстүріне айналады. Кездесуге Астана қаласының тұрғындары мен қала қонақтары келіп, көкейдегі сұрақтарын қоя алады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.