«Атамекен» этно-мемориалдық кешенінің 13 жылдығына орай «Қазақ үйі» этно-ауылдың тұсаукесері болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2001 жылдың 8 қыркүйегінде ашылған болатын.

Осыған орай 8 қыркүйекте ааталмыш кешеннің құрылғанына 13 жылдық мерейтойын атап өту жоспарланып отыр.

«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің мақсаты - мәдени-құндылылықтардың, халықтың қолжетімділік тарихи-мәдени және рухани байлықтарын сақтап, Қазақстанның тарихи атамұрасын білуге, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының бүкіл табиғи зоналары мен экономикалақ жетістіктері мен мәдени байлықтарын сақтап және көбейту болып табылады. Атамекен танымды-көркемдік кешені сіздерді мемлекеттің тарихымен, онда тұратын халықтардың мәдениетімен танысуға мүмкіндік береді. Мерейтой аясында кешенде «Қазағымның алтын ұясы - Атамекен» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі. Сонымен қатар, мерекелік іс-шара аясында «Қазақ үйі» этно-ауылдың тұсаукесер рәсіміне орай Астана қаласы Суретшілер одағының қылқалам шеберлері ұсынатын халқымыздың тарихы мен шежіресін, ұлттық болмысы мен құндылықтарын көркем бейнелермен әспеттейтін « Қазағым - ұлы елім» тақырыбында көрменің ашылуымен жалғасын таппақ.

Кеш соңына қарай әртүрлі байқаулар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етіледі және соңы мерекелік концертке ұласады.