«Атамекен» Одағы» БЭК ұлтүстілік заңнаманы қалыптастыру үрдісінде нормативтік-құқықтық актілерге сараптама жасауда өз тәжірибесін ұсынады
Бұл туралы БЭК және Беларусь-қазақстан-ресей бизнес-диалогының өзара әрекеттесуі бойынша Консультативтік кеңесінің бірінші отырысының барысында басқарма палатасы төрағасының бірінші орынбасары Рахым Ошақбаев мәлімдеді.
Экономикалық палатаның басшысы ұлтүстілік нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыруға қатысуға қазақстандық кәсіпкерлердің жоғары мүдделілігін атап көрсетті. Оның айтуы бойынша, бүгінгі күні Қазақстанда кәсіпкерлік салаға байланысты қолданылатын нормативтік актілерге қатысты өзін бизнес тарапынан жақсы көрсете білген сараптама институты әрекет етеді.
«Соңғы жылы біз жұмысымызды бірлестікке сараптамадан өткізілуге келіп түсетін нормативтік актілер автоматты түрде сайтта жарияланып, әрі бизнестің барлық мүдделі субъектілеріне жіберілетіндей етіп ұйымдастырдық» - деді Р. Ошақбаев. Олар бойынша барлық ұсыныстарды он-лайнға енгізуге болады, осылайша, қабылданатын құжаттарды орталықтандырылған талдау қамтамасыз етіледі» - деді Р. Ошақбаев.
«Біз ұлтүстілік нормативтік-құқықтық базаның өте қарқынды дамып жатқандығын көріп отырмыз және біз, өкінішке орай, біздің қалыптастыруға қатысуымыздың әзірше жеткіліксіз болып тұрғандығын байқап отырмыз» - деді ол.
Сонымен қатар, Р. Ошақбаев Консультативті кеңестің бұрын құрылған БЭК консультативті комитеттерімен өзара әрекетін дамыту қажеттілігін айтты. Ол бизнес-қауымдастық басшылығының алдында үш елдің бизнес ұстанымдарын шоғырландыру және олардың БЭК-тің барлық шешім қабылдаушы институттарына қол жеткізулерін қамтамасыз ету үшін негіздер жасау бойынша міндеттер тұрғандығын жеткізді.
«Біздің еліміздің кәсіпкерлері проблемалары туралы айтып, өз пікірлерін білдіре алатын қарапайым әрі ыңғайлы интерфейс құруымыз қажет, - деді Р.Ошақбаев. - Бұған қатысты бізде белгілі бір атқарылған жұмыстарымыз бар. Біз өз бастамамызды білдіріп, тиісті веб-сайт жасап шығарғымыз келеді. Біз бұл мәселені сәйкесінше рәсімдеп, шешімін өз қолымызға алар едік».
Бұған қоса, Р. Ошақбаев тек БЭК жоспарлық отырыстарында ғана емес, сондай-ақ, ірі халықаралық конференциялар платформасында да, атап айтқанда Астана экономикалық форумында өзара әрекеттесуді ұсынды. «Атамекен» Одағы» аталмыш форум алаңдарын ұйымдастырушылардың бірі ретінде «Еуразиялық іскерлік конгресс» деген атаумен Астана экономикалық форумы аясында Консультативті кеңес шеңберінде жылсайынғы үлкен конгресс өткізе алушы еді.
Консультативті кеңес отырысына БЭК басшылығы және үш елдің кәсіпкерлер бірлестігінің жетекшілері қатысты: «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП, Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы және Белоруссия өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер конфедерациясы.
Консультативті кеңес Санкт-Петербор қаласында 2012 жылдың 15 маусымында өткен 2-бизнес-форумның нәтижесі бойынша қол қойылған БЭК және Беларусь-қазақстан-ресей бизнес-диалогының өзара әрекеттесуі туралы меморандумды іске асыру мақсатында құрылған болатын.