«Атамекен» одағы төралқасының жаңа құрамы сайланды

None
СТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат - «Атамекен» одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы басқармасының бүгінгі отырысының соңында «Атамекен» одағы төралқасының жаңа құрамы сайланды.

«Атамекен» одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы баспасөз қызметінен хабарлағанындай, жаңа құрамға ҚР Парламенті Мәжілісінің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова, ҚР Сенатының экономикалық және аймақтық саясат жөніндегі комитетінің төрайымы Нұрлығайым Жолдасбаева, «Қазэнерджи» қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаев, «Бахус» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Артуш Карапетян енді.