«Атамекен» Одағы» ҰЭП өткен президенттік сайлаудың қорытындысына қолдау танытады

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы өткен президенттік сайлаудың қорытындысына қолдау танытады.

Мемлекет басшысының мақсатты саясаты арқасында елде нарықтық экономика қалыптасып, отандық бизнестің дамуына қажетті жағдай жасалуда, делінген «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасының мәлімдемесінде.

"Біз Елбасын сайлаудағы тамаша жеңісімен құттықтап, экономикалық дамудың нығаюында жеміс тілейміз", -делінген мәлімдеме мәтінінде.