Бұл туралы ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен хабарлады. «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымы мен қызметінде «Атамекен» тарапынан жүргізілген жұмыстарды одан әрі жалғастыратынын атап өтті. «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Өңірлік палаталардың негізгі құрамы «Атамекен» Одағының сарапшыларынан құралды. Өңірлік деңгейлерде де жұмыс сабақтастығы сақталған, атап айтқанда «Атамекен» филиалдарының 8 директоры Өңірлік палата дирекцияларын басқаруда. Ұлттық кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген бизнес-қауымдастықтардың басым бөлігі «Атамекен» Одағы мүшелері», - деді Тимур Құлыбаев.
11:17, 30 Қаңтар 2014
«Атамекен» Одағы» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қосылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада еліміздің әр түпкірінен 150-ден астам делегаттың қатысуымен өткен «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының съезінде «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП мүшелері ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қосылу туралы шешімді бірауыздан қабылдады. Оған қоса, ҰКП тарапынан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атауын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы атауына ауыстыру туралы ұсыныс жасалынды.