Бұл туралы Палводар облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен хабарлады.
- Бостандыққа шыққаннан кейін сотталушы пробация қызметінің есебіне қойылды. Ол сот шешімінен туындайтын барлық шектеулерді, міндеттер мен талаптарды, соның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шығуға тыйым салуды сақтауға міндетті, - деп мәлімдеді департаменттен.
Пробация қызметкерлері оған жүктелген аталған міндеттер мен шектеулердің сақталуын үздіксіз қадағалап, тұрақты тексерулер мен өзге де бақылау шараларын жүргізеді.
Еске сала кетейік, 13,9 млрд жымқырған Абылай Мырзахметов 2024 жылы 5 жылға бас бостандығынан айрылды.
Былтыр мамыр айында ол өзін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрағанын жазған едік.