«Атамекен» ҰКП мемлекеттік қызметтерді бәсекелестік ортаға беру үшін нарыққа сараптама жүргізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік қызметтерді бәсекелестік ортаға беру үшін нарыққа сараптама жүргізеді. Бұл туралы бүгін аталған палатаның Нормативтік-құқықтық актілер сараптамаларын үйлестіру департаментінің сарапшысы Айжан Бижанова мәлім етті.

Оның атап өтуінше, мемлекеттік органдар қызметтері бәсекелестік ортаға бір сәтте беріле салмайды. Ол бәсекелестік ортаға беруге болатын қызметтің дайын болуына орай жүзеге асырылады.

«Бұған қоса, қызметтерді беру кезең-кезеңімен жүзеге асырылатындығын да атап өткен орынды. Біз барлығыда мемлекеттік қызметтерді беру 4 кезеңге қарастырылып отырғанын естіді. Ең қиыны қызметтержі түгендеудегі мемлекеттік органдардың жұмысы болмақ. Дәл осы жұмыстардың сапасына орай одан арғы жұмысты, нарықтың дайындығы жайында айтуға болады. Қазіргі уақытта біздерге сараптамалық формаларды толтыру ұсынылып отыр. Ол нарықтың дайындық сараптамасы деп аталады», - деді ол.

Оның айтуынша, кәсіпкерлер тарабынан толтырылатын сараптамалық форма қандай мемлекеттік қызметті бәсекелестік ортаға беру керектігін айқындайды.

«Нарықтың дайындық сараптама қорытындысы бойынша біз істің қазіргі жай-күйін анықтаймыз. Яғни, өкілетті органдардың қызметті неліктен сапасыз немесе сапалы жүзеге асыратындығын білеміз», - деді А.Бижанова.