"Денсаулық сақтау саласындағы жемқорлықты ойласақ, жанымызға бататыны "СК-Фармация" жұмысы. Бұл мəселені талай рет көтердік, осыдан төрт ай бұрын жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінде де айтылды. Бірақ, өкінішке қарай, жағдай өзгеріссіз қалды. "СК-Фармация" ұйымы не үшін құрылғанын еске түсірейік. Малайзияның тəжірибесіне сүйене отырып құрылды. Ұйымның алдында негізгі төрт міндет тұрған еді. Соның біріншісі - бюджет қаражатын үнемдеу. Қайдағы үнемдеу? 2010 жылы 31,3 млрд теңге, 2016 жылы 115 млрд теңге жұмсаған. Оның үстіне, бұл жерде "СК-Фармация" буфер ретінде жұмыс істеген. Кешіріңіздер, біз тексердік, ұйымның монополия ретінде тапқан пайдасы 26,7 млрд теңгені құрады. 1,3 млрд көлемінде айыппұл төлеген. Үстінен 9 пайыз ақша айналдырған. Кəсіпкерлердің де қаншама арызы бар. Екінші міндет -халықаралық стандарттарды енгізу. Электронды сауда қайда? Қызметкерлерді қайта оқыту қайда? Яғни, бұл бірыңғай оператор жұмысының мақсатты екеніне күмән бар»,-деді Рустам Жүрсінов.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та бұл ұйымның жұмысына күмәнмен қараған еді. «Елдің барлық азаматтары үшін мынаны атап өткім келеді. Мемлекет нормативтік дәрі-дәрмектермен мемлекет есебінен тегін қамтамасыз етеді. Нормативтік дегеніміз ғасырлар бойы пайдаланылып келе жатқан дұрыс, тексерілген дәрі-дәрмек дегенді білдіреді. Олар бізде, көршілерімізде шығарылады. Бірақ, нормативтік дәрі-дәрмектің болуына қарамастан 4-5 есе қымбат батыстың дәрісі сатып алынады»,- деді Елбасы.
Осыдан кейін Қазақстан Президенті «СК-Фармация» компаниясы қызметіндегі кемшіліктерге тоқталды. Фармация мемлекет ақша беріп, сол ақшаны сатып алуларға жұмсайтын бірыңғай дистрибьютор. Бұл мафияға айналған. Олар фармациевтикалық фабрика салуға да мүмкіншілік бермейді»,- деген еді Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтіңкеңейтілген отырысында.