Атамқұлов Қазақстанда «Киберқалқан» жүйесінің құрылуы туралы айтып берді
«Қазақстанның Киберқалқаны жүйесі» еліміздің ақпараттық және киберқауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық-құқықтық және ұйымдастырушылық-техникалық шаралардың кешенінен, аппараттық-бағдарламалық кешендер мен жобаларынан тұрады. Заңнамалық базаның басым бөлігі дайындалып бітті», - деді министр Үкімет отырысында.
«Электронды шекара деп аталатын коммуникацияны басқарудың орталықтандырылған жүйесі бар, шифрді қолданатын заңсыз ақпаратқа шектеу қоятын қауіпсіздік сертификаты жасалды», - дейді ол.
Айта кетейік, бір апта бұрын, Елбасы ел қауіпсіздігін ақпараттық деңгейде қамтамасыз ететін «Киберқалқан» жүйесін құруды тапсырған болатын.
«Киберқылмыспен күрестің өзектілігі барған сайын арта түсуде. Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне «Қазақстан киберқалқаны» жүйесін қалыптастыру шараларын қабылдауды тапсырамын», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев 31 қаңтар күні жарияланған Жолдауында.