«Министрлер екіжақты форматтағы және көпжақты құрылымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сұхбаттастар Қазақстан-Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған екі елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев және Владимир Путин өткізіп жатқан бағдарын іске асырудағы бірлескен жұмысын жалғастыруға дайындығын білдірді», - делінген хабарламада.
Диалог барысында Қазақстан-Ресей өзара іс-қимылдың бірқатар өзекті тақырыптары мен алдағы кездесулердің кестесі талқыланды.