Атау берілген Астананың әр көшесіне ақпараттық стенд ілу ұсынылды
«Біз орталық көшелерге үлкен азаматтардың, тұлғалардың есімін бергенге толық келісеміз. Бірақ тұрғын үй массивтеріне берілген атауларды көп халық түсінбейді. «Мына көше не мағына білдіреді?» деп жатады. Сондықтан әр көшенің бас жағы немесе орта жағына стенд сияқты ақпарат іліп қойыңыздар... Көп шығын кетпейді ғой. Көшеге берілген тұлғаның аты халықтың жадында мәңгі қалуы керек деп ойлаймын. Осыған байланысты оның жасаған үлкен ерлігі, саласы бойынша атқарған ең үздік еңбегі жазылып тұруы тиіс. Көшеге атау бере салып, міндеттен құтылдық деген болмайды», - деп ұсыныс білдірді Ерлан Каналимов.
Сондай-ақ ономастика комиссиясының қорытындысына сәйкес, елордадағы 12 көшеге қазақтың тарихи тұлғаларының есімін беру ұсынылды. Қоғамдық тыңдауда соның он бірі қолдау тапты, бір көшенің атауы бойынша мәселені қайта қарау тапсырылды.