Өткен жылдың қорытындысы бойынша АӘК-ті көбіне түркістандықтар алған (27 мың отбасы, 23,7%), екінші орында Шымкент қаласы 12,7 мың отбасы (11,2%), одан әрі Алматы 9,5 мың отбасы (8,3%) және Қызылорда облысында 9,4 мың отбасы (8,2%) иеленген. Ал Ұлытау, Атырау және Солтүстік Қазақстан облысында АЕК-ті алатын отбасылар саны аз екен.
Министрліктің ақпаратында айтылғандай, атаулы әлеуметтік көмек көбіне балаларға тағайындалады (65,4%), одан соң жұмыс істейтін азаматтарға (15,1%), келесі кезекте балаларды, қарттарды және мүгедек жандарды күтетін адамдарға (12,4%), ал қалған 7,1%-ы басқа санаттағы азаматтарға тиесілі.
АӘК-нің негізгі мақсаты – табысы төмен отбасыларды қаржылай қолдау және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы азаматтарды қиын жағдайдан шығару.
Атаулы әлеуметтік көмек қандай жағдайда тағайындалады:
- табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек;
- 1 жастан 6 жасқа дейінгі табысы аз отбасылардағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем;
- жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, оқыту, өз ісін ашуға ынталы отбасыларға гранттар беру, тағы сол сияқты қолдау көрсету.