«2023 жылы атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге 57,4 млрд теңге жұмсалды. 2019 жылы АӘК ұсыну тәжірибесі көрсеткендей, біздің кейбір азаматтарымыз әлеуметтік көмекті заңсыз жолмен алуға ұмтылды. Мысалы, нақты жалақыны жасыру, жалған ажырасулар жасау арқылы. Басқа елдердің тәжірибесі бұл үрдіс тек біздің елімізге ғана тән емес екенін көрсетті», - деп жазылған министрлік жауабында.
Ведомствоның ақпаратында 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Әлеуметтік Кодекс шеңберінде мұқтаж азаматтардың санаттары қайта қаралғаны айтылған.
«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларды нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту арқылы олардың санын азайтуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде алушылар саны 2019 жылы 2,2 млн адамнан 2023 жылы 598 мың адамға дейін төмендеді. Олардың 30%-ы еңбекке қабілетті жастағы азаматтар. Азаматтардың шығыстарын ескере отырып, АӘК көрсету жүйесін қайта құру жоспарлануда. Мәселен, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп негізгі шығыстарды есепке алу және верификациялау тетігі пысықталуда. Бұл бюджет қаражатының атаулылығы мен мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін әлеуетті көмек алушыларды ғана емес, бюджеттің шығыс бөлігін де айқындауға мүмкіндік береді. АӘК трансформациясының барлық процестерінде негізгі компонент адам факторын алып тастау ретінде, цифрландыру болады», - делінген жауапта.