«Пролонгация жасалды. Төртінші тоқсанда АӘК алатын тұлғаларға 2022 жылдың бірінші тоқсанында автоматты түрде ұзартылды», - деді брифинг барысында Серік Шапкенов.
Бұған дейін ведомство басшысы министрліктің өз міндеттерін толық көлемде атқарып жатқанын хабарлаған болатын.
«Зейнетақы мен жәрдемақыларға тоқталар болсақ, қазіргі уақытта толық көлемде және уақытылы беріліп жатыр. Қазіргі таңда 174 млрд теңге төленді. Бұл қаражат азаматтардың шотында жатыр», - деді Серік Шапкенов.