«1 сәуірден бастап қаладағы 5 мекемеде, атап айтқанда Халықты жұмыспен қамту ортылығы және 4 аудан әкімдігінде атаулы әлеуметтік көмек бойынша азаматтардан құжат қабылдау басталды. Бүгін қала бойынша 436 адамнан өтініш қабылданды, оның ішінде 342-і Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы, 25 өтініш Алматы ауданы әкімдігі, 19 өтініш Байқоңыр ауданы әкімдігі, 10 өтініш Есіл ауданы әкімдігі және 40 адам Сарыарқа ауданы әкімдігі арқылы өтініш білдірді. Барлық өтініш иелеріне тиіс консультативтік көмек көрсетілді», - делінген орталықтың хабарламасында.
Жұмыспен қамту орталығының мәліметі бойынша, АӘК бойынша халықпен жұмыс істеп, көмек көрсету мақсатында арнайы оқу курсынан өткен 36 маман бекітілді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың саны 2,2 есеге артқаны туралы хабарлаған болатынбыз.