Атажұртқа оралғандарға бұдан былай да қамқорлық жасалатын болады
20:29, 01 Желтоқсан 2009
ОРАЛ. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Атажұртқа оралғандарға бұдан былай да қамқорлық жасалатын болады. Бұл туралы Ақжайық ауданының әкімі Абай Иманғалиевтің елге оралған отандастармен кездесуінде айтылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тек соңғы алты жылда ауданға 47 отбасы келсе, соның көпшілігі аудан орталығында қоныс тепкен. 2010-2011 жылдары «Нұрлы көш» бағдарламасына сәйкес Алмалы, Тайпақ және Қабыршақты ауылдарына тағы 200 отбасыны орналастыру ойластырылуда. Отанға оралғандардан мамандығы барлары тұрақты еңбек орнын тапса, қоғамдық жұмысқа тартылып, сондай-ақ «Жол картасына» сәйкес оқып жатқандары да бар.
Жүздесуде А.Алдоңғаров, Ә.Сардаров, М.Туғанова оралмандар атынан алғыстарын білдіріп, көптеген мәселенің шешімін тауып жатқанын айтты. Келген отбасыларға сыйлықтар табыс етілді.