Атбасар қаласында екі қабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылып бір адам опат болды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Атбасар қаласында екі қабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылып бір адам опат болды.Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2014 жылдың 6-ы желтоқсанында орын алған жарылыс кезінде пәтер ішінде 4 адам болған. Қатты жарылыстың салдарынан 1960 жылғы әйел көз жұмған. Ал, қалған 3 адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнына аудан әкімі А.Никишов бастаған әкімдік қызметкерлері жедел жетіп, құтқару жұмыстарын ұйымдастырған. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, уақытша баспанамен қамтамасыз етілді. Қазіргі кезде мұндағы жағдайды облыс әкімі Сергей Кулагин өз бақылауына алған.