КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Атбасар қаласында 16 ойын автоматтары тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«27 наурыз күні Атабасар қаласындағы пәтерлердің бірінде заңсыз ойын бизнесі ұйымдастырылғаны анықталды. Мекеме меңгерушісі - жергілікті тұрғын. Пәтер ретінде жабдықталған клубтан 16 ойын автоматы мен құжаттар анықталып, тәркіленді», деп көрсетілген хабарламада.
Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты соталды тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің қылмысы дәлелденсе онда оған 2 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады немесе 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.