КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Атбасарда құны 163 миллон теңгенің 7 су жіберу нысанының құрылысы жүргізілуде. Бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапарымен Атбасар ауданына барған кезінде аталған нысандардың құрылысын аралап көрді.
Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша көктемгі су тасқынын алдын алу мақсатында биыл облыстық бюджеттен Атбасар ауданында 163 миллион қаражат бөлініп, оған 7 су жіберу нысанының құрылысы жүргізілуде. Қазіргі кезде оның үшеуінің құрылысы қызу қолға алынған. Облыс әкімі аудан басшылығына аталған нысандарды жыл соңына дейін салып бітіруді тапсырды.
Сонымен қатар, аймақ басшысы «Berkat Company» ЖШС мен аудандық орталық қазандықтың жұмысымен танысты.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.