Алайда кеше кешке қызыл су бөгетті жарып өтіп, қаладағы 13 үйге зақым келтірді. Қазір жақын маңдағы тағы 20 үйге қауіп төніп тұр. Соңғы екі күнде елді мекеннен 140 адам қауіпсіз аймаққа көшірілген.
Аудан орталығында тәулік бойы құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр. Ұзындығы - 7, ал биіктігі 5 метр болатын бөгет енді қаланы тасқыннан сақтайды.
Құтқару жұмыстарына жергілікті тұрғындармен қатар ішкі әскер құрылымдарының сарбаздары да жұмылдырылған.
«Қазір біз қаптарға топырақ толтырып, уақытша бөгет жасап, су жайылып жатқан жерлерді 7-8 метрге дейін бекітіп жатырмыз. Екі жердегі бөгетті қайта жөндеуден өткіздік», - дейді республикалық жедел-құтқару жасағының жетекшісі Виталий Горбачев.
Фото: newskaz.ru