Атбасарда үй өртеніп, 68 жасар әйел мерт болды

None
АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Ақмола облысы, Атбасар қаласында бүгін таң ата 04:36-да жекеменшік тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Өрт бір жарым сағатта сөндірілді. Оған ҚР ТЖМ Ақмола облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 2 ехникасы мен жеке құрамының 10 адамы тартылды. 20 шаршы метр жерді жалын шарпыды. Оқиға орнында 1945 жылғы әйелдің мәйіті табылды.