Атбасарда заңсыз ұйымдастырылған ойын бизнесі əшкереленді

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Атбасар қаласында заңсыз ұйымдастырылған ойын бизнесі əшкереленді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметі бойынша, ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен Атбасар аудандық ІІБ қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында аудан орталығындағы сəн салондарының бірінде заңсыз ұйымдастырылған ойын бизнесі анықталып, 8 ойын автоматы тəркіленді. Сондай-ақ, ұйымдастырушы үш адам, яғни, 19 жастағы кассир, 21 жастағы күзетші мен 26 жастағы Есіл қаласының тұрғыны ұсталды.

"Қазіргі кезде осыған байланысты ҚР ҚК 307 бабының 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", деп көрсетілген хабарламада.