Полицейлердің мәліметі бойынша, ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен Атбасар аудандық ІІБ қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында аудан орталығындағы сəн салондарының бірінде заңсыз ұйымдастырылған ойын бизнесі анықталып, 8 ойын автоматы тəркіленді. Сондай-ақ, ұйымдастырушы үш адам, яғни, 19 жастағы кассир, 21 жастағы күзетші мен 26 жастағы Есіл қаласының тұрғыны ұсталды.
"Қазіргі кезде осыған байланысты ҚР ҚК 307 бабының 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", деп көрсетілген хабарламада.