Директорлар кеңесінің шешімі бойынша Басқарма төрағасы міндетін уақытша атқарушы болып басқарма мүшесі Ербол Әбдіғалиев тағайындалған. Техникалық мәселелер шешілген соң бұл қызметті Директорлар кеңесінің мүшесі Энтони Эспина атқармақ.
Банк саласында 44 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан Ұлыбритания азаматы Э.Эспина Гонконгтағы «Goldride Securities Limited" және Филиппиндегі "Tri-State Securities Inc." брокерлік фирмаларының құрылтайшысы және директоры.