деп хабарлайды ҚазАқпарат АТФ банктің қоғаммен байланыс қызметіне сілтеме жасап.
ҰӘҚ-ы мен банк арасындағы келісімге сәйкес қаржы биылғы жылдың 1-ші қазанына дейін игерілуі тиіс болатын. АТФ банктің сату департаментінің директоры Нұрлан Ақшановтың айтуынша, банк 1 айда 1,3 миллиард теңгеге 325 несиені қайта қаржыландырған. Оның айтуынша тағы 176 тұтынушының 735 миллион теңгелік өтініші қаржының бітуіне байланысты қанағаттандырылмай қалған. Олар бұған дейін қаржыландырылған несиелердің төлемдері негізінде қаржыландырылмақ.