«АТФБанк-Қырғызстан» 2009 қаржы жылының қорытындысын шығарды

None
БІШКЕК. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Сенбі күні, желтоқсанның 26-сында «АТФБанк-Қырғызстан» қаржы жылының қорытындысын шығарды.

Осы жағдайға орай өткен баспасөз мәслихатына банктің қырғызстандық бөлімшесінің және Алматыдағы бас кеңсесінің басшылары қатысты.

«АТФБанк-Қырғызстан» басқарма төрағасы Бейбіт Қапышевтың пікірінше, 2009 жыл банк үшін өте жемісті болды және 7 млн. АҚШ доллары мөлшерінде пайдамен аяқталды.

Сонымен қатар, Халықаралық қаржы корпорациясынан және Еуропалық қайта құру және даму банкінен екі ірі несие алынды. Қаражаттар шағын және орта бизнесті несиелендіру мақсатына көзделген.