«Себебі ғаламдық тұрғыда «Атилла» опералық шығармалардың шыңы болып саналады. Аталған туынды сонау өткен ғасырлардан бері қарай әлемнің барлық елдерінде қойылып келеді. Бұған дейін оны тек Қазақстан ғана өз сахнасына шығармаған болатын. Мен осы мәселені екі рет көтеріп, Үкімет басшысына депутаттық сауал да жолдадым. Мәдениет министрлігіне де жаздық. Өйткені бұл - біздің тарихымыз. Жай ғана тарих емес, дүние жүзі санасқан тарих. Атилла - біздің әскери-саяси тұлғамыз. Бүгінде оны барша әлем мойындап отыр. Әйтпесе, Джузеппе Верди сияқты танымал композитор «Атилланы» жазбайтын еді. Соны біз қазақ сахнасына әкеліп қойдық», - дейді А.Смайыл.