Атырау-Ақпарат медиахолдингінің басшысы «Хабар 24» арнасына директор болды
«Хабар 24» телеарнасының директоры лауазымына Жасын Біркенов тағайындалды. Ол осы кезге дейін «Атырау-Ақпарат» ЖШС басшысы лауазымын атқарып келді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Оның жаңа қызметке тағайындалғанын «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
– Жасын – «Хабар» агенттігінде шыңдалып, жетілген журналист. Жаңалықтарда тілшіліктен бастап шеф-редактор қызметіне дейін өскен білікті маман. Енді еліміздің басты ақпарат арнасын басқарып, ұжыммен бірге жаңалықтардың сапасын, жалпы арнаны жоғары белестерге көтеретініне сенімдімін, - деді Кемелбек Ойшыбаев.
Жасын Ерсінұлы 1989 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған.
Еңбек жолын 2006 жылы бастаған.
Әр жылдары МТРК (Петропавл), «Қазақстан-Петропавл», сондай-ақ, «Қазақстан» және «7 канал» телеарналарында жұмыс істеген.
2015 жылы «24.kz» телеарнасына жұмысқа келген.
2015-2016 жылдары «Хабар 24» телеарнасының Украина Республикасындағы, 2019-2021 жылдары Өзбекстан Республикасындағы меншікті тілшісі қызметін атқарған.
2022 жылғы мамырдан бері «Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің директоры лауазымын атқарып келген.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Талғат Өтеғұловтың «Атырау» телеарнасының директоры болып тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.