Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, әйелдердің барлығы Атырау қаласының тұрғындары. Олар 26 шілдеде «Атырау – Стамбұл» бағытындағы әуе рейсімен шетелге ұшып кеткен.
Тексеру барысында әйелдердің қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киім киюге қатысты заң талаптарын бұзғаны анықталған.
Олар тамыз айының басында елге оралғаннан кейін құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ескерту берілген. Сонымен қатар профилактикалық және түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Бұған дейін Қызылордада бетін тұмшалаған 300-дей адамға ескерту берілгенін жазған едік.