«Атырау» ФК сербиялық шабуылшымен келісімшарт жасасты

АТЫРАУ. KAZINFORM — «Атырау» футбол клубы құрамын сербиялық шабуылшы Джордже Максимовичпен толықтырды.

Фото: «Атырау» ФК ресми парақшасы

Клубтың мәліметінше, 26 жастағы футболшымен 2027 жылдың соңына дейін, яғни бір жарым жыл мерзімге келісімшартқа қол қойылған.

Джордже Максимович кәсіби мансабында Сербия, Сингапур, Грекия, Индонезия және Черногория чемпионаттарында өнер көрсеткен. Әртүрлі турнирде 144 матчқа қатысып, 53 гол соққан.

Сербиялық шабуылшы — Сербияның «Раднички 1923» клубының түлегі. Ол аталған команданың негізгі құрамында 2017 жылы дебют жасаған.

Еске салайық, «Атырау» футбол клубы толықтай жекеменшік басқаруға өткені белгілі.