Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, аталған жолмен көлік қатынасына 1 шілдеде рұқсат берілген.
«Атырау қаласынан Индер ауданының орталығы – Индербор кентіне дейін қатынайтын жолмен әзірге тек жеңіл көлік жүре алады. Жолды уақытша қалпына келтіру жұмысына Атырау облыстық автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 10 адам, 36 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады Атырау облысының жедел штабынан.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі тұрақтанғанын хабарлаған болатынбыз.