Атырау қаласындағы бір шағын аудан жарықсыз қалды
АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау қаласының бір шағын ауданында электр жарығы сөніп қалды. Атырау облысының энергетикалық кешені баспасөз қызметінің мәліметінше, жарық 24 наурызда сағат 20:12 шамасында сөнген.
«Атырау қаласындағы «Нұрсая» шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен №40 орта мектепке электр энергиясын жеткізетін №36 және 54-тарату стансасын жерасты кабелімен қамтитын желіде релелік автоматика іске қосылды. Сол себепті электр энергиясы апатты жағдайда өшірілді. Қазір Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің теңгерімінде стансаларды жедел іске қосу жұмысы жүріп жатыр», -деп хабарлады энергетикалық кешеннің баспасөз қызметі.
Дәл қазір электр желісіндегі ақаудан «Нұрсая» шағын ауданындағы 40-қа жуық көпқабатты үйдің тұрғындары жарықсыз отыр. Ал, «Атырау жарық» АҚ тарапынан арнайы бригадалар тобы құрылған.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын жазған болатынбыз.