Атырау қаласында Құттығай батыр көшесінен шамамен 4 шақырым қашықтықта қамыс пен жыңғыл өрті тіркелді. Оқиға орнына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел жетіп, өртті сөндіруге кіріскен.
Қызыл жалынды ауыздықтауға ТЖД, «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС, «Арнаулы автобаза» ЖШС және жергілікті атқарушы органның 27 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды.
— Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, — деп хабарлады ТЖД.
Бұған дейін Қызылордада орман өрті 40%-ға артқанын жазған едік.