«Атырау – Астрахань» бағытын іске қосу үшін тиісті құжаттарды «ЛаВаТранс» ЖШС Ресей Федерациясының Көлік министрлігіне жолдаған. Облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, аталған бағыт бойынша автобус қатынасы 2019 жылы тоқтаған.
Қазіргі таңда Атырау облысында 91 тұрақты автобус бағыты жұмыс істейді. Олардың қатарында қалалық, ауданішілік, облысішілік және облысаралық маршруттар бар. Бүгінде өңірдің барлық аудан орталығы тұрақты жолаушылар тасымалымен қамтылған.
– Облысішілік негізгі бағыттар бойынша тұрақты қатынас қамтамасыз етілген. Олардың қатарында «Атырау – Құлсары», «Атырау – Индер», «Атырау – Аққыстау», «Атырау – Бейбарыс», «Атырау – Доссор – Мақат», «Атырау – Сағыз», «Атырау – Құрманғазы» және басқа да бағыттар бар, - деп мәлімдеді басқарманың баспасөз қызметі.
Наурызда «Қазавтожол» ұлттық компаниясы биылдан бастап жүк көліктеріне Атырау-Астрахань бағытындағы жол ақылы болатынын хабарлаған еді.