Атырау мұнай өңдеу зауытынан қара түтін будақтаған

Фото: Фото: Видеодан кадр

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау мұнай өңдеу зауытындағы желінің бірінен қара түтін будақтады. Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тарады.

«АМӨЗ» ЖШС-нің қоғаммен байланыс бөлімі мәлім еткендей, оқиға бүгін, 3 сәуірде сағат 13:58-де болған.

«Зауыттың кондицияға сәйкес емес мұнай өнімдерін қабылдау желісі түтіндеді. Сағат 14:03-те түтін толықтай жойылды. Мұның зауыттағы технологиялық нысандардың жұмысына әсері тиген жоқ», - деп хабарлады зауыттың қоғаммен байланыс бөлімі.

Қазір өнім қабылдау желісіндегі түтіндеудің себебі анықталып жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Абзал Досжановтың Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болғанын хабарлаған едік