«АМӨЗ» ЖШС-нің қоғаммен байланыс бөлімі мәлім еткендей, оқиға бүгін, 3 сәуірде сағат 13:58-де болған.
«Зауыттың кондицияға сәйкес емес мұнай өнімдерін қабылдау желісі түтіндеді. Сағат 14:03-те түтін толықтай жойылды. Мұның зауыттағы технологиялық нысандардың жұмысына әсері тиген жоқ», - деп хабарлады зауыттың қоғаммен байланыс бөлімі.
Қазір өнім қабылдау желісіндегі түтіндеудің себебі анықталып жатыр.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Абзал Досжановтың Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры болғанын хабарлаған едік.