Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 292-бабы, яғни өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын растады.
Еске салайық, 25 тамызда сағат 12:35 шамасында зауыттың жабық типтегі механикалық тазарту құрылыстарының тұндырғышында мұнай шламы тұтанған. Сол кезде нысанда ешқандай жұмыс жүргізілмеген.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігі, «Семсер өрт сөндіруші», АТМА әуежайы және NCOC компаниясының өрт сөндіру-құтқару қызметінен шамамен 65 адам мен 19 техника жұмылдырылды.
Өрт сағат 13:42-де оқшауланып, кейін толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.