«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ахуалға байланысты құрылған комиссия жұмысының нәтижесін жария етті.
«Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Ғалымжан Жусанбаев пен бас директордың орынбасары – бас инженер Әділет Шошанбасовты қызметтерінен босату туралы шешім қабылданды. Бас директордың міндетін атқару әрі қарай шешім қабылданғанға дейін Атырау мұнай өңдеу зауыты бас директорының орынбасары – техникалық директор Олег Александрович Лызловқа жүктелетін болады», -деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Зауыт мұнай өнімдерін өндіруді және жөнелтуді штаттық режимде жалғастырып жатыр.
Еске сала кетелік, бұған дейін «ҚазМұнайГаз» комиссиясы Атырау мұнайын өңдеу зауытын тексеруді бастағанын жазған болатынбыз.