- Мұнай өңдеу саласындағы және басқа да компаниялар арасындағы тәжірибе алмасу, мұнай өндірісі көрсеткіштерін жақсарту үшін стандартты әрі кең таралған үдеріс. Бұған дейін министрлік хабарлағандай, қазір Атырау мұнай өңдеу зауытының үлесін сату мәселесі қарастырылып жатқан жоқ, - делінген Энергетика министрлігі таратқан ақпаратта.
Еске сала кетсек, бірер күн бұрын ҚазМұнайГаз Атырау мұнай өңдеу зауытының үлесін жекешелендіру мәселесіне қатысты түсініктеме берген еді.
Одан бөлек, наурызда Атырау мен Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттарының жекешелендірілуі мүмкін екендігі жайлы хабарлаған болатынбыз.