Атырау облысы дене шынықтыру басқармасы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды
14:09, 06 Наурыз 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Атырау облысы дене шынықтыру басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлім етті.
«Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысына қатысты қылмыстық істі тергеуде. Лауазымды тұлға ведомстволық бағынысты ұйымнан спортшыларға оқу-жаттығу жиындарынан өтуге бөлінген қаражаттан 1,2 млн теңге сомасында пара алу бойынша күдікке ілінді», - деді Арман Тілеукенов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.