Автивте аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Мақсот Мұқанов аудан әкімі Қанат Әзмұхановқа тиісті куәлікті табыс етті.
Қанат Қажыржанұлы Атырау қаласында дүниеге келген. Орталық Азия университетін құқықтану, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін қаржыгер мамандығымен бітірген. Ресей Федерациясының Астрахан мемлекеттік университетінен құқықтану магистрі, Орталық Богемиялық қолданбалы ғылымдар және менеджмент институтынан іскерлік әкімшілік жүргізу докторы дәрежесін алған.
Еңбек жолын «Жузе» ЖШС заң кеңесшісінің көмекшісі, заңгер болып бастаған. «Каспианпроджектсервис» ЖШС директорының орынбасары, директоры, кейін «RegionTransCom» ЖШС-нің бас директоры болып жұмыс істеген.
2010-2012 жылдары – «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалында кеңесші, ұйымдастыру-партия жұмысы бөлімінің меңгерушісі, 2013-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2016 жылдың сәуірінен 2018 жылдың қазанына дейін Атырау қалалық мәслихатының хатшысы лауазымын атқарған.
2018 жылдың қазанынан «Region Trans Com» ЖШС-нің кадр жөніндегі директоры, 2020 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры, 2020 жылдың 21 тамызынан Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болған. 2022 жылдың тамызында Қызылқоға ауданының әкімі болып тағайындалған.
Еске сала кетелік, Атырау облысында екі ауданға әкім сайланғанын жазған болатынбыз.