Атырау облысынан Маңғыстауға көшірілген тұрғындар саны артты
АҚТАУ. KAZINFORM - Атырау облысының Жылыой ауданындағы су тасқыны кезінде Маңғыстауға көшірілген тұрғындар саны 18 мыңға жуықтады.
Аудан орталығы Құлсары қаласында төтенше жағдай басталғалы бері Маңғыстауға эвакуацияланған тұрғындар бірнеше елдімекенге жеткізілсе, екі мыңға жуығы Ақтауға қаласына уақытша орналастырылды.
«Оның ішінде Бейнеуге 8 510, Боранқұл ауылына 7 371, Есет ауылына 456, Сарға ауылына 155, Шетпе кентіне 6, Ақтау қаласына 1893 адам келді», - деп жазылған Маңғыстау облысы әкімдігі таратқан ресми мәліметте.
Атырау облысының тұрғындары Маңғыстауға пойызбен, ұшақпен де келіп жатыр. Әзірге, Құлсарыдан эвакуацияланған адамдардың нақты саны анықталған жоқ.
Кеше Жаңаөзен қаласынан көмек бригадасы Құлсарыға аттанды. Жаңаөзен қаласынан көмек бригадасы Құлсарыға аттанды.
Бұдан бөлек, Ақтауда 200-ден астам Құлсарыдан эвакуацияланған тұрғын жатақханаға орналасты.