Атырау облысында 100 мың гектар алқап шегірткеге қарсы өңделеді

Фото: Фото: Түркістан облысы әкімдігі

АТЫРАУ. KAZINFORM – Биыл Атырау облысындағы 100 мың гектардан астам аумақты шегірткеге қарсы химиялық өңдеуден өткізу жоспарланған. Оған дрон да қолданылады.

Атырау облыстық облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Азат Қапанов мәліметіне қарағанда, шегірткенің көктемгі күбіршіктеріне зерттеу жүргізіліп жатыр. 

– Көпжылдық орташа көрсеткіштерді зерделеген соң химиялық өңдеу жұмысын екі кезеңмен жүргізу жоспаланып отыр. Мәселен, 1-15 мамыр арралығында итальян прусының дернәсілі оянады. Сол себептен, 18-25 мамырда шегірткенің осы түріне қарсы 49 мың гектар алқапты улау жүргізіледі. Ал 10-25 мамырда азиялық шегірткенің дернәсілі қозғала бастайды. Зиянкестің көбеюін болдырмау үшін 16 мың гектар алқапты химиялық өңдеу 25 мамырда басталып, 5 маусымға дейін созылады. Шегірткенің бұл түрлері Қызылқоға, Исатай мен Құрманғазы ауданында байқалуы мүмкін, -деп хабарлады Азат Қапанов. 

Оның айтуынша, химиялық өңдеу Атырау қаласының маңындағы ауылдық округтер мен 4 ауданның аумағын қамтиды. 

– Үйірлі шегірткелерге қарсы өңдеуге жұмыстары елімізде қолдануға рұқсат етілген пестицидтер қолданылады. Мемлекеттік инспекторлар өсімдіктерді қорғауды қадағалайды. Қазір нақтыланған жер көлеміне химиялық өңдеу жүргізетін мердігер анықталып, тиісті келісімшартқа қол қойылды, -дейді Азат Қапанов.

Атырау қаласы мен 7 ауданда жедел әрекет ететін штаб құрылған. Шегірткеге қарсы өңдеу жұмысынп үш мердігер, 124 адам мен 27 көлік тартылады. 

– «AVIASILA» ЖШС 41 мың гектар алқапты үш жеңіл делтолетпен өңдейді. Ал «Магтоксин» ЖШС 2,8 мың гектарды жерүсті желдеткіш, 17 мың гектарға газогенератормен бүріккішпен улайды. «Фитосанитария» РМК-ның Батыс Қазақстан облыстық филиалы үш дронмен 3 мың гектар аумақты химиялық өңдеуден өткізеді, -деп мәлім етті Азат Қапанов. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Оңтүстікте шегіртке қаптап, 1 мамырға дейін улап бітпесе, күрес зая кететіні хабарлаған еді.